Tuime cover
Latest available episode «Ренжуге рұқсат ет». Эмоциялық сауатты артырамыз Ready to listen
0:00 21 min 56 s

28 Episodes

«Ренжуге рұқсат ет». Эмоциялық сауатты артырамыз

EQ - кішкене түсініксіз ұғым. Эмоционалды интеллект, эмоциялық интеллект, эмоциональный интеллект деген не? Біз осы сұраққа жауап іздеуге тырыстық. Адам өзін таныса да өз эмоциясын танымағаны қалай? Оның салдары мен себептері неде?...

Есейеміз: "мама, мен сиқырға әлі сенгім келед"

Кішкентайында "өскенде білесің" дегенді көп естіген екі баланың өсу жайлы эпизоды. Есею мен ер жету деген не? Ересектік қалай келеді? Қай жасты алқымдағанда шашу шашқан Ересек өмір қарсы алады? Бізге де мұның...

Өлімді қабылдаймыз: "жаныңдамын"

Тақырыптан қорқып қалмаңыздар, бұл пайдалы эпизод. Түйме басталғанда қамқор, жылы әрі эмпатияға қабілетті қауымдастық құрғымыз келген. Ал түпкі мақсатымыз осы. Өлім деген не? Ол адамға қалай әсер етеді? Қайғыны бастан кешкен адамды...

Эмоционалды қызмет етеміз: "Шабыт бер, қолда, көмектес"

Егер сіз көмек пен қолдау сұрап қана келетін адамдардан құлазып, достарыңызды жұбатамын деп шаршасаңыз, онда құттықтаймыз! Сіз эмоционалды қызметкерсіз! Эмоционалды қызмет чету деген не? Оны кім және не үшін көрсетеді? Сыпайылықтан айырмашылығы...

Комплимент айтамыз: "әдемісің, әдемі. Сұлулықтың әлемі"

Комплимент дегеннің не екенін білесіз бе? Харассмент деген не? Ал токсик комплимент ше? Бұлардың айырмашылықтары қандай? Адам адамды не үшін мақтайды? Біз осы жайлы сөйлестік, дауластық, бір ойға келмедік. Адам адамды себепсіз...

Дұрыс сынаймыз: "Бұл да өнер"

Біз көп сын айтамыз әрі көп естиміз. Десе де кейде сын сындырып жатады. Түйменің жаңа маусымында бұл тақырыпты да таразылағымыз келді. Адамды дұрыс сынау, сындырмау, жандыру мен сын қабылдау қалай жүреді? Бұл...

Әдемі өсектейміз: "оның өзі де өнер"

Біз өсек айтқанды жақсы көреміз. Еш қысылмай айта аламыз. Бірақ оны жаман деп кім айтты? Түйменің жаңа маусымын осы тақырыптан бастадық. Жалпы, кез келген затты өсек дей аламыз ба? Өсек деген не...

Қыз бен жігіт қатынасы: “о, махаббат, қосу-алу”

Қыста тыңдармандарымызбен кездесіп керемет бір кеш жасағанбыз. Дастан да, Заңғар да біреумен жүріп қарық болмаған соң қонақтардан ақыл сұрадық. Бізге керемет оқыларын айтып, пікір бөліскен Мөлдір мен Диана ханымдарға рақмет! Бұл сан...

Үрей шабуылын тоқтатамыз: “Терең дем ал, терең дем ал”

Паническая атака деген сөзді естігенсіз бе? Үрей шабуылы, паникалық шабуыл - қалай атасақ та дүйім жұртқа түсініксіз ұғым. Түйменің осы санындк Заңғар мен Дастан бұл ұғымға анықтама беруге тырысты. Оның шығу себептері...

«Менде депресняк»: Неге бұлай айтуға болмайды?

Өміріміз не болып кетті өзі? Түңіліп кеткендейсіз. Депрессия ме? Әлде күю ме екен? Бұл эпизодта біз маңызды жайт жайлы сөз қозғадық. Депрессияның не екенін анықтау үшін біраз ойландық. Бұл жолы бізге сарапшы...